16 мамыр 2016 16:31

Альварестің Головкинмен емес, Лемьемен жұдырықтасатыны хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ca-news.org © ca-news.org

ESPN арнасында сарапшы болып жұмыс істейтін танымал рефери Джо Кортес WBC белбеуінің иегері Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегін канадалық Давид Лемьемен өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


ESPN арнасында сарапшы болып жұмыс істейтін танымал рефери Джо Кортес WBC белбеуінің иегері Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегін канадалық Давид Лемьемен өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Осыған дейін WBC Альваресті биыл күзде Головкинмен кездесуге міндеттеген еді. Егер мексикалық бұдан бас тартса, титулдан айырылады және белбеуді орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алады. Боксшылардың командасы 24 мамырға дейін жауап беруі тиіс, одан кейін промоутерлер саудасы бекітіледі. 

Кортес Головкин - Альварес жекпе-жегі кейін өтеді деп есептейді, себебі промоутерлер оны үлкен шоуға айналдырғысы келеді. 

"Канелоның" келесі қарсыласы канадалық Лемье болады деп есептеймін. Оскар Де Ла Хойя маған "Канелоға" жылына үш жекпе-жек өткізіп беретінін айтты. Сөзсіз, Головкин - Альварес жекпе-жегінде жеңген адам pound-for-pound үздігі болады. Меніңше, Головкин - Альварес жекпе-жегі Мейвезер - Пакьяо кездесуіндегідей табыс түсіреді", - деді рефери. 

Айта кетейік, Лемье Альварес - Хан жекпе-жегінің андеркартында америкалық Глен Тапианы жеңген еді. Лемье Головкиннен жеңілгеннен кейін рингке тұңғыш рет шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети