Америкалық журналистер Головкин-Альварес кездесуін жыл жекпе-жегі атағына ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық журналистер Головкин-Альварес кездесуін жыл жекпе-жегі атағына ұсынды © Bad Left Hook

Бокс турлы жазатын Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) 2018 жыл қорытындысы бойынша құрметке лайықты үміткерлердің қысқа тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бокс турлы жазатын Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) 2018 жыл қорытындысы бойынша құрметке лайықты үміткерлердің қысқа тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес қарымтасы кіріп отыр.

Тізімдегі келесі жекпе-жектер 2018 жылы қыркүйекте өткен Альварес - Головкин қарымтасына бәсекелес болып тұр:

- 03.03.2018, Нью-Йорк, АҚШ: Деонтей Уайлдер - Луис Ортис (хэвивейтте WBC белбеуі үшін жекпе-жек),
- 07.04.2018, Лас-Вегас, АҚШ: Эрисланди Лара - Джарретт Херд (алғашқы орта салмақтағы IBF, IBO, WBA Super белбеулерін біріктіретін кездесу),
- 12.05.2018, Нью-Йорк, АҚШ: Хорхе Линарес - Василий Ломаченко (жеңіл салмақта WBA чемпиондығы үшін),
- 30.06.2018, Оклахома, АҚШ: Алекс Сауседо - Ленни Запавинья.

"Жыл боксшы" атағына бес адам үміткер:
- Алғашқы ауыр салмақтағы украин боксшы, абсолют чемпион Александр Усик (16-0, 12 КО),
- оның отандасы, P4P рейтингінің көшбасшысы, жеңіл салмақта WBC, WBA Super чемпионы Василий Ломаченко (12-1, 9 КО),
- алғашқы жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Морис Хукер (25-0-3, 17 КО),
- жеңіл салмақта WBC чемпионы америкалық Майки Гарсия (39-0, 30 КО),
- жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО).

Жыл бапкері - Анатолий Ломаченко ("Жыл бапкері 2017"), Джей Диз, Роберт Гарсия және Деррик Джеймс үміткер.

"Жыл менеджері" - 2016 және 2017 жылы осы сыйлықты иеленген Эгис Климас, Кит Коннолли, "Чепо" Рейносо мен Сэм Катковски ұсынылып отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +32
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +28
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +30
П
Павлодар +28
Петропавл +34
С
Семей +36
Т
Талдықорған +31
Тараз +37
Түркістан +22
О
Орал +31
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер