Андре Уорд Сергей Ковалевті жеңіп, үш титулын тартып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андре Уорд Сергей Ковалевті жеңіп, үш титулын тартып алды © theguardian.com

Жартылай ауыр салмақ санатында өнер көрсететін ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін жекпе-жек Андре Уорд пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жартылай ауыр салмақ санатында өнер көрсететін ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін жекпе-жек Андре Уорд пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Кездесудің екінші минутында күтпеген жерден соққы жасаған Сергей Ковалев кәсіпқой бокс мансабында жеңіліп көрмеген америкалық Андре Уордты бірінші ногдаунға жіберді. 

Боксшылардың кездесуі 19 қарашада Лас-Вегаста "T-Mobile Arena" спорт аренасында өтті. 33 жастағы Ковалев жекпе-жектен екі миллион доллар алса, 32 жастағы Уорд бес миллион доллар алады. Екі боксшы үшін бұл рекордтық сома болып тұр. 

Лас-Вегаста "T-Mobile Arena" спорт аренасына жартылай ауыр салмақтағы екі мықтының жекпе-жегін тамашалауға қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері Абель Санчеспен келген.

Сергей Ковалев - 33 жастағы ресейлік кәсіпқой боксшы. WBA Super, IBF, WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 2014 жылы The Ring, WBO, Sports Illustrated, USA Today журналдарының нұсқасы бойынша үздік боксшы атанды. Лақап аты - Krusher (ағылшын тілінен аударғанда "Талқандаушы").

Андре Уорд - 32 жастағы американдық кәсіпқой боксшы. WBA, WBC, The Ring нұсқасы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы. 2004 жылы кәсіпқой бокста өнер көрсете бастады. Лақап аты - S.O.G ("Son of God" - ағылшын тілінен аударғанда "Құдайдың ұлы").

Сонымен қатар осы бокс кешінде 23 жастағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети