20 қараша 2016 10:08

23 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірім Нұрсұлтанов. Facebook парақшасынан Мейірім Нұрсұлтанов. Facebook парақшасынан

АҚШ-тың Невада штатындағы "T-Mobile Arena" спорт аренасында бокс кешінің андеркатында қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста шаршы алаңға бірінші рет шығып, жеңіске жетті, - Vesti.kz. "Астана Арланс" бұрынғы боксшысы Лас-Вегаста PPV-шоуында шаршы алаңға шықты, бұл кештің басты кездесуі ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін болмақшы.

Басылым мәліметінше оның қарсыласы - АҚШ өкілі Генри Бекфорд, төрт рет жеңіске жетіп, бес рет тізе бүккен боксшы. Жекпе-жек орта салмақта алты раундқа созылды, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімі бойынша жеңіс Нұрсұлтановқа берілді. Америкалық боксшы осыған дейін де қазақстандық боксшылармен кездесу өткізген екен.

Негізі Нұрсұлтанов басқа бір америкалық боксшы - алты рет шаршы алаңға шығып, бір рет те жеңілмеген Монреко Голдстанамен шығуы тиіс болған. Алайда кездесуге бірнеше күн қалған уақытта қарсыласты өзгерткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети