02 наурыз 2014 11:15

"Арландар" польшалық қарсыластарын ірі есеппен жеңді

Сурет: "Астана Арланс" командасының ВК желісінен алынды

"WSB" сериясының топтық кезеңінің соңғы кездесуінде "Poland Hussars" командасын қабылдаған елордалық "Astana Arlans" командасы ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 1 наурыз күні Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен бұл кездесуде біздің команда 4:1 есебімен жеңіске жетті. Өз кездесулерінде қарсыласынан басым болған бокстан ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, сондай-ақ Ілияс Сүлейменов пен Ғани Жайлауов "арландарға" кезекті ұпай алып берді. Ал, аса ауыр салмақтағы легионеріміз Армен Симонян бұл кеште жеңіліп қалды. Айта кетейік, "Astana Arlans" командасы WSB сериясының чемпионы болып саналады. Бұл маусымда "арландар" өз тобында екінші орында келеді. Топтық кезеңнің қорытындсы бойынша біздің команда турнирдің плей-оффтық кезеңіне жолдама алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram