01 ақпан 2015 10:14

"Астана Арланс" боксшылары Әзірбайжан командасын жеңіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Арланс". Фото клубтың "ВКонтакте" желісіндегі парағынан алынды "Астана Арланс". Фото клубтың "ВКонтакте" желісіндегі парағынан алынды

Қазақстанның "Астана Арланс" кәсіпқой клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) шеңберіндегі кездесуде Әзірбайжанның "Баку оттары" командасын жеңіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.


Қазақстанның "Астана Арланс" кәсіпқой клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) шеңберіндегі кездесуде Әзірбайжанның "Баку оттары" командасын жеңіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

31 қаңтар күні Әзірбайжанның Губа қаласындағы Олимпиада кешенінде өткен кездесуде қазақстандықтар үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, екеуінде жеңілді. Жалпы есеп - 3:2.

Астана клубы құрамында 49 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов, 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Василий Левит және 75 келіге дейінгі салмақтағы Мейірім Нұрсұлтановтар жеңіске жетті. 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Нұрсұлтан Көшеғұлов пен 64 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Асхат Уәлихановтар қарсыластарына есе жіберді. 

Бұл - "Астана Арланстың" WSB-тің осы маусымындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін клуб "Поляк гусарлары" мен "Касикес Венесуэла" командаларының талқанын шығарған болатын. Енді Қазақстан кәсіпқой бокс клубы 8 ақпан күні "Америка нокаутерлеріне" қарсы кездеседі. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети