Азия ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

11 Тамыз 2014, 16:02
0
Азия ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды - Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны - Данияр Елеусінов. ©Ізтұрған Алдауев
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны - Данияр Елеусінов. ©Ізтұрған Алдауев

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өтетін Азия ойындарына қатысатын боксшылардың толық тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Азия ойындарына кіл мықтыларды алып баратынын айтты. Инчхонға баратын былғары қолғап шеберлерінің арасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарының, сондай-ақ 2013 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Азия ойындары баратын боксшылар мыналар:49 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарында ел намысын 2013 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 Азия ойындарының күміс жүлдегері Біржан Жақыпов қорғайды. 52 келіде 2011 Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Ілияс Сүлейменов барса, 56 келіде 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев қатысады. 

60 келіде 2013 жылғы Азия біріншілігінің чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Берік Әбрахманов тізімге енсе, 64 келі салмақта 2011 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы Айдар Әмірзақов жұдырықтасады. 

69 келіде ел намысын ұлттық құраманың капитаны, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионы Данияр Елеусінов сары құрлықтың басты додасын екінші рет жеңіп аламын деп отыр, 75 келіде 2013 жылғы әлем және Азия ойындарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы құрамаға қосылған. 

81 келі салмақ дәрежесінде Лондон Олимпиадасының және 2011-13 жылдардағы әлем және 2013 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов жұдырықтасса, 91 келді 2013 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы Антон Пинчук, ал 91 келіден жоғары салмақта Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем біріншілігінің күміс, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Иван Дычко ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, ХХVІІ жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай