Мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтуі тиіс екінші кездесу жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канелоның" айтуынша, бұл жекпе-жектің өтетіні не өтпейтіні туралы ешкім ештеңе білмейді.
"Тыңдаңыздар, мен әзірге демалғым келеді. Фанаттардың не қалағаны болса да, адамдар менен не сұрағысы келсе де, біз оны істейміз. Сіздер мқның менің стилім екенін білесіздер. Дәл қазір ешкім де мамырда не қыркүйекте реванш болатынын не болмайтынын білмейді. Бір ғана анық нәрсе бар - бұл менің дәуірім, "Канелоның" дәуірі", - деп жазады Bleacherreport.com Альварестің сөзін.
Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.