05 қараша 2015 | 14:46

Бақыт Сәрсекбаев әйелінің сөзін "былжырақ" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев экс-әйелімен арада болған жанжалға және оны сотқа беруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев экс-әйелімен арада болған жанжалға және оны сотқа беруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін боксшының бұрынғы әйелімен соттасып жатқанын хабарлаған едік. Спортшының бұрынғы әйелінің айтуынша, Сәрсекбаев оны алаяқтық жасады деп айыптап отыр.

"Мен бұл жөнінде пікір айтқым келмейді. Себебі мұның бәрі жалған. Мұның астында ненің жатқанын білмеймін. Сондықтан да заң жүзінде шешкім келеді. Мұның бәрін не үшін түсіндіруім керек. Бұл отбасылық өмір. Ол менің оған ештеңе төлемегенімді жазды... Бұл оның құқығы. Мен оған жазуға кедергі келтіре алмаймын ғой", - деді Сәрсекбаев.

Тілшінің экс-боксшының сотқа шағым түсіруінің себебі туралы сұрағына ол былай деп жауап берді: "Адамдар ажырасқан кезде не үшін сотқа барады? Ол келісімге келе алмаса осылай шешуге тура келеді".

Сәрсекбаев автомобильді бөлісу туралы сұраққа да жауап берді. "Иә. Мен оған өзіме тиесілі екі пәтерді бердім. Мен не беріп, не бермегенімді не үшін айтуым керек?", - деді ол.

Сонымен қатар, ол балалардың кіммен қалатыны да сотта шешілетінін айтты. "Заң аясында шешетін боламыз. Егер сот беру керек деп шешсе, қалай бермейсің? Мен тек осылай шешу керек деп ойлаймын", - деді бұрынғы спортшы. Балаларын үйіне алып кету туралы сұраққа ол балаларынан бас тартпайтынын айтып жауап берді.

"Әрине. Мен өз балаларымнан бас тартпаймын. Үнемі көмектесіп тұрамын. Көмектесіп те келдім. Оның мұны қайдан шығарғанын, неліктен өзін осылай ұстайтынын түсінбедім. Жарнама керек шығар. Мен оған шектеу жасай алмамын", - деді ол.

Сонымен қатар, экс-боксшы бір-біріне жала жабудан пайда жоқ екенін айтты. "Бұл іспен менің өкілдерім айналысады. Мен оған бұл мәселені тату түрде шешу туралы хат жібердім, ол бас тартты... Мен басқа не айтамын? Бір-біріміз туралы жаман сөз айтқаннан пайда жоқ", - деді ол. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өз бапкері Кәрім Махмұдовтан сот арқылы пәтерін тартып алған еді. Кейін спортшының анасы отбасылық кикілжіңдерді ұйымдастыруын қоюын сұрады. Өз спорт мансап жолында Бақыт Сәрсекбаев Азия чемпионатын үш мәрте жеңіп алды, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Ал 2008 жылы ол жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына екі алтын медальдің бірін салып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети