30 қаңтар 2017 12:53

Батыр Жүкембаев жеңісі жайлы: Бұл 2017 жылдың ең мықты кездесуі емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karljessy.com © karljessy.com

25 жастағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Давид Ранхелмен өткізген жекпе-жегі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.


25 жастағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Давид Ранхелмен өткізген жекпе-жегі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

"Мен нокаутты көздеген жоқпын, өз мәнеріме сай жұдырықтастым, нокаут өзі келді. Кездесудің небәрі 2 минутқа ғана созылғаны қатты қуантты және көрермендер мен жанкүйерлерге де ұнады деп ойлаймын. Мен оң жақ бүйірден көбірек соққы жасадым, бұл жеңіс комбинациясы болатын. Бұл кездесу 2017 жылдың ең мықты кездесуі болады деп айта алмаймын, себебі жақын күндері промоутеріммен және менеджеріммен кездесемін, олармен 2017 жылда кіммен жұдырықтасатынымызды талқылаймыз. Тезірек титул тігілетін жекпе-жектерге шыққым келеді. Қазір ТОП-100-ге кіргеніммен, мақсат ТОП-10 кіру. Жекпе-жек қай жерде болса да жұдырықтасуға бармын", - деді Жүкембаев.

Еске салайық, 25 жастағы Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақта мексикалық боксшы Давид Ранхелмен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық боксшы өз қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында сұлатып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Батырдың бұл жекпе-жегі кәсіпқой бокстағы сегізіншісі болып, кездесуді жетінші рет нокаутпен аяқтап отыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети