17 мамыр 2019 09:14

Батыр Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Eye of the Tiger Management Фото: Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 17 мамырда канадалық Монреальда өтеді. Астана уақытымен кездесу 18 мамырда таңда басталады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

Боксшы салмақ өлшеу рәсімінің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Бұған дейін Батыр Жүкембаев Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отыруға жақын екенін хабарлаған еді. 

Боксшы кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті. 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети