26 қаңтар 2020 10:07

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eottm.com © eottm.com

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген, алайда екінші кезеңде кездесу аяқталды. Екінші раундта Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін Лара есін жия алмады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды. 

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Жүкембаев 141,6 фунт болды, ал Лара - 139,8. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 816 грамға ауыр болды - 64,228 келі. Бірінші жартылай орта салмақта рұқсат етілген салмақ - 140 фунт (63,503 келі), алайда келісімшарт талаптары бойынша қарсыластар 142 фунттан (64,410 келі) аспаса болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети