Бейбіт Шүменовтің кейінге қалдырылған жекпе-жегінің қай кезде өтетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменовтің кейінге қалдырылған жекпе-жегінің қай кезде өтетіні анықталды © allboxing.ru

WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлемнің уақытша чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Кшиштоф Влодарчиктің жекпе-жегі 2016 жылы қаңтар айының соңында өтеді. Бұл туралы поляк боксшысының бапкері Федор Лапин мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірінші рет естігенім - тізесіне бірдеңе болған. Қазір көзі деп естіп отырмын. Бірақ біз біреуге кінә арта алмаймыз, дәрігерлер де мұның барлығын растады. Біз Бейбіттің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, жекпе-жек жылдамырақ өтсе дейміз. Жекпе-жек өтпей қалмайды, тек кейінге қалдырылды", - деді ол. Толығырақ мына жерде оқуға болады.

Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) қаласында 32 жастағы Бейбіт Шүменов пен 34 жастағы поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Алайда бірнеше күн бұрын Шүменовтің жарақатына байланысты ол кейінге қалдырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети