11 қараша 2015 09:37

Бейбіт Шүменовтің келесі кездесуінің қашан болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменовтің келесі кездесуінің қашан болатыны анықталды Бейбіт Шүменовтің келесі кездесуінің қашан болатыны анықталды

18 желтоқсанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) қаласында, ауыр салмақтағы WBA чемпионы 32 жастағы Бейбіт Шүменов пен 34 жастағы поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


18 желтоқсанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) қаласында, ауыр салмақтағы WBA чемпионы 32 жастағы Бейбіт Шүменов пен 34 жастағы поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кшиштоф Влодарчик кәсіби рингте 53 кездесу өткізіп, 49 рет жеңіп (35 нокаутпен), 3 рет жеңіліс тапқан болатын. Кшиштоф соңғы кездесуін 2014 жылдың тамыз айында Григорий Дроздтан жеңіліп, мансап жолын аяқтағаны жайлы жария еткен болатын.

Еске салайық, Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліп қалғаннан кейін бірінші ауыр салмаққа өткен болатын. Бұл салмақта ол екі кездесу өткізіп үлгерді. Соңғы жекпе-жек шілде айының соңында Лас-Вегаста өтті. Қазақстандық бұл жолы америкалық Би Джей Флоресті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы титулын жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети