Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер толықтай аяқталып, Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға шықты, деп жазады Tengrinews.kz.
Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер толықтай аяқталып, Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға шықты, деп жазады Tengrinews.kz.
Күндізгі және кешкі бағдарламадағы айқастардың қорытындысы бойынша үш боксшымыздың жартылай финалға шыққанын жазғанбыз. Ал түнгі бағдарламада екі боксшымыз шаршы алаңға шығып, екеуі де жеңіске жетті.
60 келі салмақ дәрежесіндегі Абылайхан Жүсіпов Венгрия боксшысы Ричард Коннюге 3:0 есебімен басымдық танытса, 81 келідегі Вадим Казаков та түрік тарланы Уфук Текнежиді үш төрешінің шешімімен ұтып, екеуі де жартылай финалға шықты.
Сөйтіп, жартылай финалға бес боксшымыз шықты. Бұл – қоржында бес медаль бар деген сөз. Мұның қаншасы алтын, қаншауы күміс пен қола медаль болады, оны алдағы екі күнгі жекпе-жектер шешеді.
Қазақстан боксшылары жекпе-жектерінің нәтижелері
Ширек финал
Қыздар
51 келі: Алуа Балқыбекова – Тхан Тхай Нгуен (Вьетнам) – 3:0
75 келі: Валентина Хальзова – Ньен-Чин Чен (Тайпей) – 1:2
Жігіттер
49 келі: Шалқар Айқынбай – Субару Мурата (Жапония) – 2:1
56 келі: Сұлтан Зауырбек – Микал Такакс (Словакия) – 3:0
60 келі: Абылайхан Жүсіпов – Ричард Конню (Венгрия) – 3:0
75 келі: Бекжан Бәкіров – Лука Плантич (Хорватия) – 0:3
81 келі: Вадим Казаков – Уфук Текнежи (Түркия) – 3:0