Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Үш боксшымыз жартылай финалға шықты

21 Сәуір 2014, 21:12
0
Суретте – Шалқар Айқынбай. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Суретте – Шалқар Айқынбай. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Софияда жалауын көтерген жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтуде. Таңертеңгі және кешкі айқастардың қорытындысы бойынша үш боксшымыз жартылай финалға шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Таңертеңгі және кешкі бағдарламада бес боксшымыз шаршы алаңға шыққан болатын. Олардың үшеуі жеңіске жетіп, екеуі жеңілістің кермек дәмін татты. Енді екеуі түнге қарай бақтарын сынайды.

Енді ретімен бастайық. Қыздар арасындағы 51 келі салмақта Алуа Балқыбекова Вьетнам бойжеткені Тхан Тхай Нгуенді күмәнсіз жеңді. Есеп – 3:0. Өкінішке қарай, 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова Тайпей қызы Ньен-Чин Ченге 1:2 есебімен есе жіберіп алды.

Жігіттер арасындағы 49 келі салмақта Шалқар Айқынбай жапон Субару Муратаны 2:1 есебімен ұтты. Оның жеңісін 56 келідегі Сұлтан Зауырбек жалғастырып, Словакия боксшысы Микал Такаксқа басымдық танытты. Есеп – 3:0.

Өзекті өртер өкінішіміз сол, кешеден бері Хорватиядан келген үш боксшыдан көресіні көріп жатырмыз. 75 келідегі Бекжан Бәкіров те хорват қыранынан ұтылды. Оны әлем чемпионатының жүлдесінен тыс қалдырған – Лука Плантич.

Қазір ширек финалдағы қалған жекпе-жектер басталады. Шаршы алаңға екі боксшымыз шығады. 60 келідегі Абылайхан Жүсіпов Венгрия боксшысы Ричард Коннюмен, ал 81 келідегі Вадим Казаков түрік тарланы Уфук Текнежимен айқасады.

Сонымен, әзірше үш боксшымыз – жартылай финалда. Бұл дегеніңіз – үш жүлде. Енді екеуі ойда деп сенеміз...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай