Биволдың бапкері Головкинге Канелоны жеңетін жолды айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биволдың бапкері Головкинге Канелоны жеңетін жолды айтты Фото: Reuters©

Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) жаттықтыратын Геннадий Машьянов "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңу мүмкіндігі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Төрешілер әділ болса, 50 де 50. Бұл Генаның жасын есепке ала отырып айтқандағым. Ол баяулап қалды. Муратамен айқастың басында ол тым сылбыр болды. Иә, Головкин қазір де жеңе алады. Техникалық тұрғыда ол Канелодан басым. Головкиннің техникалық арсеналы айтарлықтай кең, бірақ, оны қолдану керек. Тіресіп алып жұдырықтасудың қажеті жоқ немесе төбелесіп кетуге болмайды. Өзінің техникалық басымдығы мен ойлау қабілетін іске қосу керек. Ол жерде көрермен немесе өзге біреулердің жетегіне еріп кетуге болмайды", - дейді маман. 

Еске салайық, орта дивизиондағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойған болатын. USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети