Бокс әлеміндегі сенсация: Жанат Жақиянов америкалықтың белбеуін тартып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокс әлеміндегі сенсация: Жанат Жақиянов америкалықтың белбеуін тартып алды

Жаңа ғана Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласты. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірақ отандасымыз жекпе-жекті сәтсіз бастады. Ол алғашқы раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал қалған раундтарда ZZ (Жақияновтың рингтегі лақап есімі ) қарсыласын біраз соққыға жықты. Судьяның шешімімен есеп 111-115/115-111/116-110 болды.

Айта кетейік, жекпе-жектің мұндай нәтижесі комментатор мен көрермендермен қатар, жеңімпаздың өзі мен бапкеріне - Рикки Хаттонға күтпеген жағдай болды. Осыған дейін сарапшылар қазақстандық тарап жеңіліске ұшырайды деп айтқан екен.

"Профи Бокс Казахстана" басылымының мәліметінше, қазақстандық боксшымыздың қаламақысы - 30 мың доллар. Ал Уоррен болса осы жекпе-жекке 150 мың доллар қойған екен.

Еске сала кетейік, 9 ақпанда Жанат Жақиянов және Роуши Уоррен жекпе-жек алдында көз арбасқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети