05 мамыр 2015 23:16

Боксшы Пакьяо төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэнни Пакьяо. ©bk-tv.ru Мэнни Пакьяо. ©bk-tv.ru

Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жегінің алдында өзінің жарақатын жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sportbox.ru басылымына сілтеме жасап.


Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жегінің алдында өзінің жарақатын жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sportbox.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымда Пакьяоның ресми құжатты толтыру барысында өз жарақатын қасақана жасырғаны жазылған. Себебі Невада штатының заңы бойынша, қасақана жалған мәлімет беруге болмайды, ал кездесу Лас-Вегаста болды, осындай қылмыс үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 мың доллар көлемінде айыппұл салу жазалары қарастырылған. 

Айыппұл Пакьяоның қалтасын айтарлықтай жұқартпайтыны белгілі, себебі ол бұл кездесуден кейін 120 миллион доллар көлемінде табыс алды. Әзірше спортшының өкілдері бұл жайтқа қатысты ресми түсінік бермеді. Айта кетейік, алдағы уақытта Пакьяо ота жасатып, одан кейін бірнеше айдан кейін ғана рингке орала алады.

Еске сала кетейік, филиппин Мэнни Пакьяо мен америкалық Флойд Мейвезер кішінің арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" америкалықтың жеңісімен аяқталды. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети