01 мамыр 2015 15:00

Боксшы Василий Жиров телеарна эфирінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Жиров ұсынысты "Қазақстан" телеарнасының эфирінде жасады Василий Жиров ұсынысты "Қазақстан" телеарнасының эфирінде жасады

Танымал боксшы Василий Жиров "Қазақстан" телеарнасының эфирінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Танымал боксшы Василий Жиров "Қазақстан" телеарнасының эфирінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Балқаш жолбарысы" атанған Қазақстанның атақты боксшыларының бірі "Түнгі студияда "Нұрлан Қоянбаев" бағдарламасы барысында сүйіктісі Юлияға үйлену туралы ұсыныс жасады. Төлқұжаты бойынша қазақстандық саналатын Василий Жиров 1996 жылдан бері АҚШ-тың Аризона штатында тұрады. Америкада Василий Джейкоб пен Николас есімді екі ұлын тәрбиелеп жатыр. Бағдарламаны 5 мамырда көруге болады.

Сонымен қатар, Василийдің Лос-Анджелесте жеке фитнес залын ашқалы жүргені белгілі болды. Айта кетейік, қазір Жиров Голливуд жұлдызы Стивен Сигалдың жеке жаттықтырушысы. Сигал күрес өнері туралы жаңа фильм түсіргісі келетінін және осы фильмге Жировтың түскенін қалайтынын айтқан. "Мен де келісімімді бере қойдым. Қазіргі кезде сол фильмге дайындық жұмыстары өтуде", - деді Жиров. 

Василий Жиров Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің иегері. Жиров кезінде туған қаласында дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқуын аяқтап, толығымен бокспен шұғылдануды жөн көрді. Боксқа ол өз өмірінің 25 жылын арнады. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылдана бастады. Атлантада өткен бокс жарысында турнирдің техникалық жағынан ең үздік боксшысы ретінде Жиров Вэл Баркердің кубогын және әлемнің біріншіліктерінің жеңімпазы атағын иеленген болатын. Кәсіби рингте 42 рет күреске шығып, оның 38-ін жеңіспен аяқтады, күрестердің 90 пайызын нокаутпен аяқтады. WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпион атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети