Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Бокстан WSB жобасына тағы үш ел қосылады

07 Маусым 2014, 18:51
0
Фото worldseriesboxing.com сайтынан
Фото worldseriesboxing.com сайтынан

Кешеден бері Бакуде WSB жобасының төртінші маусымының финалдық жекпе-жектері өтуде. Ал оған дейін екі күн бойы Әзірбайжан астанасында AIBA-ның осы жобаға байланысты алқа жиыны өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Конференцияда WSB-ның төртінші маусымы қорытындыланып, бесінші маусымы талқыланған. Әрі келесі маусымда қатысуышалар саны артып, 15-ке жеткені мәлім болды. Бұл жобаға Қытай, Марокко және Венесуэла елдері де қосылыпты.

Әрі жаңа маусым 2015 жылдың қаңтар айында басталатын болған. Осыған орай, бұл жобаның өткізілу сұлбасына өзгерістер енгізілген.

Ең бастысы, бесінші маусым жылдағыдан ерекше болмақ. Өйткені алдағы маусымда 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ. AIBA-ның ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы мәселе екі күн бойы талқыланған. Нақты шешімдері алдағы уақытта жарияланатын шығар.

Ал кеше финалдық кездесудің бірінші күнгі жекпе-жектері өтіп, Куба қабыландары шаршы алаң қожайындарын 3:2 есебімен ұтты. Екінші күнгі бес жекпе-жек бүгін түнде өтеді.

"Baku Fires" – "Cuba Domadores" – 2:3

49 келі: Хамза Наметов – Йосбани Веита – 0:3
56 келі: Магомед Гурбанов – Норлан Иера – 3:0
64 келі: Гейбатулла Гаджиалиев – Ясинер Толедо - 2:1
75 келі: Хайбулла Мусалов – Арлен Лопес – 0:3
91 келі: Абдульгадир Абдуллаев – Эрисланди Савон – 0:3


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай