1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер берілді 10 қараша 2021, 08:34

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосыновты әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©AIBA ©AIBA

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосыновты әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Бибосыновқа екі бөлмелі пәтер беруді тапсырды, деп жазды Facebook-те әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Еске салайық, Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатының финалында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте ел намысын қорғаған Бибосынов АҚШ-тан келген Роско Хиллмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram