06 қыркүйек 2021 14:51

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кайрат Сатжанов. Фото: kfb.kz Кайрат Сатжанов. Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының жаңа бас бапкері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының сайтына сілтеме жасап.


Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының жаңа бас бапкері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Бұдан былай Ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұл лауазымда 2018 жылдан бері команда тізгінінде жүрген Ғалымбек Кенжебаевты алмастырды.

Сәтжановтың бапкерлік өтілі 31 жыл. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде оның шәкірттері "Азия балалары" халықаралық ойындарының медалін екі рет жеңіп алды" (2012 - 4/4/2, 2016 - 4/4/3), әлем чемпионаттарында екі рет үздік үштікке енді (2013 - 2/1/5, 2015 - 1/1/3), сондай-ақ Азия чемпионаттарында екі рет жеңіске жеткен (2013 - 8/2/1, 2017 - 8/2/2).

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 - 6/1/2, 2021 - 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 - 2/2/1).

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының да бас бапкері ауысты. Өз еркімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин келді. Ерік Алғабек команда тәлімгері қызметінде екі жыл болды. Осы уақыт ішінде 2019 жылғы әлем чемпионатында команда екі қола медальға, 2020 жылғы Азия іріктеу турнирінде бір олимпиадалық лицензияға ие болды және 2021 жылғы Азия чемпионатының командалық есебінде (8/1/1) жеңіске жетті.

Еске салайық, Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарды. Бұған дейін ол жастар құрамасын жаттықтырған, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке бапкері ретінде танылған. Ол қызметінен өз еркімен кететінін жазған және бапкер өзінің бір өкініші деп Сабырхан Махмұдқа олимпиадалық циклде аз мүмкіндік бергенін атады. Бірақ кейін бапкер бұл жазбасын парақшасынан өшіріп тастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети