02 наурыз 2022 01:32

Бокстан ұлттық құраманың мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: оlympic.kz Фото: оlympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы лауазымына тағайындалды",- делінген Бокс федерациясының хабарламасында.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика, құқықтану, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бірнеше жоғары оқу орындарында білім алған. Спорттық мансабында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2013 жылғы әлем және Азия чемпионаттарының алтын жүлде иегері атанған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети