Бруктің промоутері оның Головкиннен жеңіліп қалатынын білді - Крис Юбенк

07 Желтоқсан 2017, 11:45
0
Бруктің промоутері оның Головкиннен жеңіліп қалатынын білді - Крис Юбенк - © skysports.com
© skysports.com

IBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенк жерлесі Келл Бруктің промоутерінің оны WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға әдейі жібергенін айтты, - деп жазады Vesti.kz boxingnews24.com басылымына сілтеме жасап.

"Брук Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісті, Головкин оны ұрып-соқты. Хирн осылай болатынын білді. Бірақ ол өзінің боксшыларына еш алаңдамайды, ол өзін ғана ойлайды. Хирнге өзі жұмыс істейтін боксшыларының кейбірі расында да ұнайтын шығар, дегенмен ол тек өзі мен отбасы жайлы ойлайды", - деді  ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенк.

Еске сала кетейік, Келл Брук Геннадий Головкинмен 2016 жылдың күзінде кездескен болатын. Лондонда өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы ұлыбританиялықты бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай