11 қыркүйек 2016 04:27

Головкин Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ВКонтакте / Геннадий GGG Головкин © ВКонтакте / Геннадий GGG Головкин

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкинның командасы қазақстандық чемпионның жекпе-жекке дайын екендігін көрсетіп, желідегі ресми парақшасында көк байрақ пен шапанының суретін жариялады.

Гонг алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті. 

Бірінші раундта Головкин өз мәнерін бірден тауып, ауыр соққы жасаған кезде Брук есеңгіреп қалды. Алайда гонг ұрылып, ағылшын құтылып кетті. Екінші раундты GGG джебпен бастады, алайда Брук те мардымды соққы жұмсай білді. Бірақ ағылшын боксшысының соққылары отандасымызға батпаған көрінді. Үшінші кезеңде Брук құлап қалды. Бірақ ол төрешіге өзінің шалынысып кеткенін айтып сендірді. Осыдан кейін Брук Головкиннен тағы да күшті соққылар алып, оң жақ көзі ісіп кетті. Тіпті өзі де төрешіге ара-тұра көзін нұсқап қойды. Головкин төртінші раундта да басым болды. Қазақастандық айқын басымдығын көрсетсе, Брук жекпе-жекті өз мәнеріне ауыстырмақшы болып, ашық айқасқа барды. Алайда бесінші раундтың басында есеңгіреп қалған Бруктің бапкері төрешіге ақ орамал көрсетіп, кейін оны ринге лақтыруға мәжбүр болды. Осылайша Головкин жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы мансап жолында алғаш рет жеңілді.


© ВКонтакте / Геннадий GGG Головкин

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Головкиннен бұдан да күшті соққылар күткенін айтып, өкінген. "Көңілім қалды. Одан бұдан да мығым соққылар күткенмін. Иә, екінші раундта көзіме дәл тигізді. Ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейді, ал мен тағы шыққым келеді. Ашыла алмадым. Шынымды айтсам, бірнеше соққыдан кейін ешқайда қашып құтыла алмадым. Орта салмақта өзімді жақсы сезінемін. Бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Сауль "Канело" Альвареспен кездесуге дайынмын. Бапкер сырттан қарап тұрғандықтан, ол дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын, бірақ мен жекпе-жекті жалғастыруға дайын едім", - деп мәлімдеді Брук.

Айта кетейік, Брук осы сұхбатына кейін дереу ауруханаға жеткізіліпті. Бұл туралы The Guardian тілшісі Син Ингл Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. "Брук көзін жарақаттағаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Бұл алдын алу шарасы", - деп жазды тілші.

Головкин мен Бруктің соққылар статистикасы:

Головкин - Брук жекпе-жегінің толық видеосы:

 


© Reuters

"Лондонға, жұртшылыққа және жанкүйерлеріме рақмет. Келл жақсы боксшы. Оны құрметтеймін, бірақ ол мықты деп ойламаймын. Бұл мен үшін спарринг секілді болды. Жалпы алғанда соққыларын сезбедім де. Орта салмаққа өткені үшін құрметтеймін. Бруктің бапкерінің шешімін құрметтеймін. Мен әрқашан да ашықпын, қай уақытта, қай қарсыласпен болса да жұдырықтасамын. Бірінші кезекте мен Сондерспен шыққым келеді", - деді Головкин өз кезегінде. 


© ВКонтакте / Геннадий GGG Головкин

Айта кетейік, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтті. Жекпе-жекті Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетті. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталды. Головкин мен Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізен болатын. Осы жекпе-жекте Головкин де, Брук те рекордтық гонорарды - үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) иеленеді. 

Осыған дейін, Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз конференциясында көз арбасқан видеосы пайда болған. Айта кетейік, кездесу 8 қырқүйекте Лондонда өтті. Кездесудің басқада мәліметтерін мына жерден көре аласыз.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети