"Бүкіл карьерам Головкинмен жекпе-жекке дайындық болды". Мурата GGG-мен кездесуді асыға күткенін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Boxing Social © Boxing Social

Орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері жапондық Риота Мурата жекпе-жек алдында IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді қалай құрметтейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол бүкіл карьерасында GGG-мен жекпе-жекке шығуға дайындалғанын айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері жапондық Риота Мурата жекпе-жек алдында IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді қалай құрметтейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол бүкіл карьерасында GGG-мен жекпе-жекке шығуға дайындалғанын айтты.

"Бүкіл әуесқой және кәсіпқой бокстағы карьерам Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындық болды. Бұл жекпе-жек менің орта салмақтағы және бокс тарихындағы орнымды анықтайды. Геннадий Головкин көптен бері орта салмақ көшбасшысы болды. Мен үшін ол әлі жеңілген жоқ. Мен оны қатты құрметтеймін.

Пандемияға байланысты кейінгі жекпе-жегімнен бері екі жылға жуық уақыт өтті, бірақ мен бапкерлеріммен денемді жақсарту және соққыларыма көбірек күш қосу үшін көп жұмыс істеп, уақытты босқа жібермедім. Жапонияның бұл жекпе-жекті қабылдағанын мақтан тұтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе", - деп келтірді боксшының сөзін DAZN.

Өз кезегінде Головкин жанкүйерлерді тамаша жекпе-жек күтіп тұрғанын айтты.

"Big Drama Show Жапонияда өтетініне қуаныштымын, онда бокс танымал. Мурата - белгілі чемпион. Біз рингте кездесіп, титулдарымызды біріктіретін болсақ, бұл ерекше кеш болады. Жанкүйерлерге тамаша жекпе-жек көрсетеміз", - деп келтірді Головкиннің сөзін DAZN.

Еске салайық, бүгін, 12 қарашада Головкин - Муратамен жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Ол 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді және DAZN стримингтік сервисінде көрсетіледі. Ресми постер шығып үлгерді, Головкин алғашқы мәлімдемесін жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro