1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Ресми: Головкин кезекті жекпе-жегін жариялады 12 қараша 2021, 08:36

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді.

"Big Drama Жапония. 29 желтоқсанда кездескенше", - деп жазды GGG Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Жаттығу жиынын өткізіп жатқан GGG-дің Жапониядағы бұл кездесуі DAZN-мен жаңартылған мәміле аясында бірінші және 2021 жылы алғашқысы болады.

Бұған дейін кездесу Токиодағы Saitama Super Arena-да өтетіні белгілі болған. Ол жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өтеді деп жоспарланған, өйткені оның трансляциясы кешке америкалық уақыт бойынша көрсетілуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram