02 тамыз 2019 16:38

"Бұл DAZN-ға тиімді". Сарапшы "Канелоның" титулынан айырылғанына қатысты пікір білдірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

The Athletic журналисі Лэнс Пагмайер Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен (52-1-2, 35 КО) орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алғанына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


The Athletic журналисі Лэнс Пагмайер Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен (52-1-2, 35 КО) орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алғанына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Себебі Альварес міндетті үмкіткер украиналық Сергей Деревянченкомен келісе алмаған. Екі тарап кездесу жөнінде келіссөз жүргізген болатын. 

Сондықтан "Канело" берілген мерзімнің аяқталуына байланысты титулынан айырылды - мексикалық боксшы келіссөзді бейсенбіге дейін аяқтауы керек болған. Коппинджердің ақпараты бойынша, боксшылардың командалары қаражат мәселесін келісе алмаған. 

Енді IBF бос қалған титул үшін Деревянченко мен келесі үміткер, қазақстандық Геннадий Головкин арасында жекпе-жек өткізбек. Дереккөздердің мәліметі бойынша, тараптар келіссөзді жақсы өткізіп жатыр. Боксшылар қазанда жұдырықтасуы ықтимал. 

Ал "Канелоға" келер болсақ, оның қарсыласы Андраде болуы мүмкін - екі тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың кездесуі 26 қазанда Лас-Вегаста өтеді. 

"DAZN тұрғысынан қарағанда, бұл тиімді жағдай болып тұр. "Канело" - Андраде және Головкин - Деревянченконың титулдық жекпе-жегі - "Канело" мен Деревянченко және Головкин мен кезекті ноунэймнің кездесуінен әлдеқайда жақсы", - деп жазған Пагмайер.

From the @DAZN_USA perspective, what happened here is a positive. A @Canelo @BooBooAndrade unification and @GGGBoxing @SDerevyanchenko for a belt is a better October than Canelo-Derevyanchenko and @GGGBoxing vs. another no-name.

Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы осыған ұқсас жағдайда айырылған еді - ол да Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқан. 2018 жылы қазанда украиналық боксшы бос тұрған титулды америкалық Дэниэл Джейкобспен сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңілген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети