Бұл қарсыласы Қанаттың деңгейінде емес, мықтылармен жұдырықтасатын кезі келді - Стангрит

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл қарсыласы Қанаттың деңгейінде емес, мықтылармен жұдырықтасатын кезі келді - Стангрит © Asian Boxing

FightSpace жобасының негізін қалаған Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Қанат Исламның ары қарай не істеу керектігі туралы пікір білдірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жерлесіміздің келесі қарсыласына баға берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

FightSpace жобасының негізін қалаған Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Қанат Исламның ары қарай не істеу керектігі туралы пікір білдірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жерлесіміздің келесі қарсыласына баға берді. 

Еске салайық, ақпанда Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Жекпе-жек кіші Рой Джонстың андеркартында өтеді. 

"Қанат Исламның жанкүйерлері оның мықты қарсыласпен жұдырықтасуын көргісі келеді. Деректерге көз жүгіртейікші. Қанат 32 жасқа келді, 22 жекпе-жек өткізіпті. Атыңды шығаратын үлкен жекпе-жектерге шығатын кез келді. Ал Ассистің Қанат Исламның деңгейінде емес екені анық. Ол аты белгісіз австралиялық Джефф Хорннен нокаутпен жеңілген. Жалпы үш рет нокаутқа түскен. Бұл Қанатпен жұдырықтасып тағы да нокаутқа түседі дегенді білдіреді",- дейді Стангрит.

Айта кетейік, Ассис 16 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Қанат Ислам - Робсон Ассис жекпе жегі 17 ақпанда АҚШ-та өтеді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети