Бұрынғы әлем чемпионы: "Канело" Головкинді жеңеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы әлем чемпионы: "Канело" Головкинді жеңеді © Sky Sports

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы никарагуалық Розендо Альварес жыл жекпе-жегі болып танылған Головкин - Альварес кездесуінің екінші жекпе-жегінде мексикалық боксшы қазақстандықтан басым түсетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы никарагуалық Розендо Альварес жыл жекпе-жегі болып танылған Головкин - Альварес кездесуінің екінші жекпе-жегінде мексикалық боксшы қазақстандықтан басым түсетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" жеңеді, себебі ол Головкиннің соққыларына төтеп бере алатынын біледі, ал GGG - шабуыл кезінде көп қателік жіберетін боксшы. Оның шабуылдары әсерлі емес, ол көп соққы жібереді. Иә, Головкиннің жойқын күші бар, бірақ барлығын ақылға салып істеген дұрыс. Олардың бірінші кездесуінде "Канело" ақылға салып жұдырықтасты. Жеңіске жетуі үшін оған тек соққыларын үдете түсуі керек еді", - деп жазады BoxingScene.com Альварестің сөзін. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети