16 қаңтар 2017 12:10

Чавес Головкинді мазақ етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sports.kz © Sports.kz

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавес (49-2-1, 32 KO) Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) бірінші болып жұдырықтасатынына байланысты Геннадий Головкинді Желі арқылы мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында боксшылар жекпе-жек туралы 6 мамырда келісімге келгені белгілі болған. Кездесу 164,5 фунт аралық салмағында өтеді және HBO арнасында PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетіледі. 

Осы жағдайға байланысты Чавес Instagram желісіндегі парақшасына "Канеломен" бір көлікке отырып, жол жиегінде тұрған Головкинге су шашыратып кеткені бейнеленген коллаж орналастырды. 

"Я бросил тебе вызов, но ты так и не ответил. Так что сорри, Головкин, хороший мальчик", - написал Чавес-младший. Ранее мексиканец также раскритиковал "Канело" за то, что тот в свое время уклонился от боя с GGG.

"Мен сені жекпе-жекке шақырдым, ал сен сол күйі жауап бермедің. Сондықтан кешір, Головкин, жақсы балақай", -деп жазды Чавес. Мұның алдында Чавес "Канелоны" да Головкинмен жекпе-жектен қашқаны үшін сынға алған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети