Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағына таласады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов толыққанды әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болды – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов толыққанды әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болды – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

"Сенсация болатын жаңалығымыз бар. Оны барша қазақстандық бокс жанкүйерімен бөлісеміз. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов биыл тарихта қалады. Ол жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша негізгі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанның Jekpe-Jek аренасында өтеді. Бұл бокс кеші Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, еліміздің барша азаматы үшін баға жетпес сыйлық болары хақ. Бұл - Қазақстанның үздік боксшылары жұдырықтасатын әлемдік деңгейдегі бокс кеші. Данияр әлем чемпионы болу үшін негізгі жекпе-жекте бар күшін салады. IBO ресми түрде растады. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады, ресми мәлімдеме жасаймыз", - деді Зия Әлиев.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда үлкен бокс кеші өтеді. Елеусінов кәсіпқой бокстағы қазақстандық бесінші әлем чемпионы болуы мүмкін. Бұған дейін Геннадий Головкин (қазіргі – IBF, IBO), Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Василий Жиров әлем чемпионы атанған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer