29 сәуір 2018 07:59

Данияр Елеусінов алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Нью-Йорктегі "Барклайс" аренасында өтіп, кештің басты кездесуі - орта салмақтағы америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен поляк Мацеей Сулецки (26-0, 10 КО).  

Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді. 

22 жастағы Кидд карьерасында тұңғыш рет жеңіліп отыр - мұның алдында ол үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен еді.

 Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети