15 қазан 2015 23:13

Данияр Елеусінов титулын қорғап қала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz. Жигер Абенов © Vesti.kz. Жигер Абенов

Данияр Елеусінов бокстан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында титулын қорғап қала алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 69 келіге дейінгі категорияның финалдық кездесуінде құрама капитаны марокколық Мохаммад Рабиимен кездескен еді.

Бірінші раундтың қорытындысы бойынша қазылар алқасы басымдықты марокколық боксшыға берді. Екіншісінде осындай есеппен Рабии жеңіске жетті. Ал үшінші раундта қазақстандық боксшы үздік шықты. Алайда кездесу қорытындысында Елеусінов қарсыласына жол беріп қойды 3:0 (29:28, 30:27, 29:28).

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатының финалына шығу арқылы Қазақстан құрамасының капитаны 2016 жылғы олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети