06 наурыз 2018 11:05

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. © kfb.kz. Данияр Елеусінов. © kfb.kz.

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов түпкілікті кәсіпқой боксқа ауысып, ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов түпкілікті кәсіпқой боксқа ауысып, ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бұл мәліметті 26 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ресми растады.

"Сіздердің Олимпиада ойындарының чемпиондарыңыз бізбен жұмыс істейді. Біз басқа да Олимпиада ойындарының чемпиондары секілді Данияр Елеусіновпен келісімшарт жасады. Данияр бүкіл әлемді аралап жұдырықтасады. Қазақстанда да. Жүз пайыз біз оны чемпион етіп шығарамыз", - деді Хирн.

Сонымен қатар, Данияр Елесіновтің бірінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы бүгін Астана өткен баспасөз жиыны кезінде қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн айтты.

Оның айтуынша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы біріші кездесуін 28-сәуір күні Barclays Center спорт кешенінде өтетін Дэниел Джейкобс пен польшалық Мацей Сулецки арасындағы бокс кешінің андеркартында өткізеді.

Ал екінші кездесуін Елеусінов 2-маусым күні Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткізеді деп жсопарлап отыр.

Елеусіновтен бөлек, Хирн Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс және басқа да әлемдік бокс жұлдыздарымен жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети