30 қыркүйек 2019 09:36

"Даңқ залына енетін шығар". Деревянченконың промоутері Головкин туралы пікірін айтты

© HBO Boxing

Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың промоутері (13-1, 10 КО) Лу ДиБелланың пікірінше, Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен кейін оның шәкірті өз дивизионының жаңа жұлдызы атанады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"5 қазанда Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченко орта салмақтың жаңа супержұлдызы атанады. Головкин әлемдегі үздік боксшылардың бірі екенін білеміз. Ол орта салмақта жалғыз өзі чемпион болды, Геннадий Бокс даңқы залының мүшесі болатын шығар. Бірақ карьерасының қазіргі кезеңінде ол жасарып, жылдамдығын арттырып, мықтырақ болып жатқан жоқ.

Реклама
Реклама

Әлемдік деңгейдегі кез келген үміткер Головкин үшін үлкен қауіп. Мұндай боксшылар аз, бірақ Сергей Деревянченко солардың бірі. Ол Madison Square Garden-ге бокс әлемін таңғалдыру үшін шығады", - деді ДиБелла. 

Айта кетейік, Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте өтеді. Боксшылар IBF және IBO титулдарын сарапқа салады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram