02 наурыз 2016 16:51

Давид Лемье жекпе-жегінің андеркартында қазақ боксшысы өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Inboxing.kz © Inboxing.kz

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев көпшілік алдындағы алғашқы жекпе-жегін 12 наурызда Монреальдағы Olympia Theatre аренасында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев көпшілік алдындағы алғашқы жекпе-жегін 12 наурызда Монреальдағы Olympia Theatre аренасында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы қазақ боксшының қарсыласы 42 жастағы канадалық спортшы Рэди Эрнандес болады. Бірінші орта салмақ дәрежесінде (63,5 келіге дейін) өтетін жекпе-жек төрт раундқа созылады.

Канадада өтетін бұл кештің басты жекпе-жегі әлемнің экс-чемпионы Давид Лемье мен америкалық Джеймс Де Ла Рос арасында өтеді. Лемье үшін бұл Головкиннен жеңілгеннен кейінгі алғашқы кездесу болмақшы.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокста өткен жылдың қыркүйегінде бақ сынаған еді. Дегенмен мексикалық Ноэл Ринконмен өткен жекпе-жек екінші раундта тоқтатылып, болмаған есепке саналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети