11 маусым 2017 17:42

Дэниэл Джейкобс Головкин - Альварес жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін бокс кешінің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін бокс кешінің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN арансының мамандарының және АҚШ-тағы ең атақты бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэльдің мәліметінше, америкалықтың кеңесшісі Эл Хэймон Golden Boy компаниясымен келіссөздер жүргізіп Джейкобстың сол кеште өнер көрсетуін сұрап жатқан көрінеді. Екі жақтың келіссөздерге қол қоюға жақын қалғанын мәлімдеді, бірақ америкалыққа қарсылас табылмаған. 

Джейкобс үшін 18 наурызда Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін бірінші кездесу болып табылады. Ол кезде америкалық төрешілерді бір ауыздан шешкен қорытындысы бойынша жеңіліс тапқан болатын. Соған қарамастан америкалық боксшы Головкинмен 12 раундтың соңына дейін шыдаған жалғыз боксшы болып табылады. 

Осыған дейін Джейкобс Давид Лемьеге (38-3, 33 KO) шақырту тастап, жекпе-жектті GGG- "Канело" кездесуінің андеркартында ұйымдастыруды ұсынған. 

Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети