21 қараша 2017 17:38

Джейкобс Головкинді "кәрі төбет" деп атап, реваншта сабауға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 KO) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өткен жекпе-жегінің нәтижесіне көңілі толмайтынын және реванш алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.


Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 KO) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өткен жекпе-жегінің нәтижесіне көңілі толмайтынын және реванш алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Боксшылар биыл наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Головкин жеңіске жетті. 

"Мен шынымен де жекпе-жекте барымды салғанымды сездім, керек десеңіз кей раундтарда басым болдым, алайда төрешілер басқаша шешім шығарды. Головкин жойқын панчер ретінде кеңінен танылған, ал төрешілерге агрессив боксшылар ұнайды. Бұл боксқа кері әсерін береді, мен өзім ұрып, соққы қабылдамауға тырысамын. Соққыларды дөп тигізу бойынша менің көрсеткішім (144-126) одан асып түсті. Боксшы ретінде мен мықты болдым, бірақ джеб саны бойынша (105-31), ол басым болды, сел себепті де мен оның алдында басымды иемін. Ең нашары тең көрсеткіш болар еді. Кездесуге барыңды салып, жан-тәніңмен күресіп жатқанда төрешілердің жекпе-жекті басқа қырынан бағалағаны жанға батады", - дейді ол.

Сонымен қатар, оның пікірінше, жекпе-жек тең болған.

"50 де 50", бірақ мен реваншта оны соққыға жығатыныма уәде беремін. Ендігіде мен бұл жігітпен қалай жұдырықтасу керектігін білемін. Мен оның мықты тұстарын біліп алдым, 30 жасымда мен әлі де үйренумен келемін. Бірақ ол менен үлкен, ал кәрі төбетті жаңа әдістерге үйрету өте қиын. Головкинді нокаутқа түсіру өте қиын, алайда менің жылдамдығым оған қарағанда әлдеқайда мықты екенін дәлелдедім. Кездесу басталған бетте агрессив болуым керек. Егер мен оның джебтеріне тойтарыс бергенімде, төрешілер шешімімен жеңіске жетер едім", - дейді Джейкобс.

Сонымен қатар, америкалық боксшы 16 желтоқсанда Билли Джо Сондерс пен Давид Лемье арасында өткен кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасуды көздеп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети