19 ақпан 2018 12:25

Джейкобс Головкинге қарсылас болады деген польшалық боксшымен жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wyborcza.pl © wyborcza.pl

Бұрынғы әлем чемпионы америкалық 31 жастағы боксшы Дэниел Джейкобс (33-2, 29 КО) өзінің келесі қарсыласының есімін білді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com порталына сілтеме жасап. 


Бұрынғы әлем чемпионы америкалық 31 жастағы боксшы Дэниел Джейкобс (33-2, 29 КО) өзінің келесі қарсыласының есімін білді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com порталына сілтеме жасап. 

Ол - жеңіліп көрмеген польшалық 28 жастағы Мацей Сулецки (26-0, 10 КО). Жекпе-жек 28 сәуірде Бруклиндегі (Нью-Йорк) Barclays Center аренасында өтеді. HBO және Sky Sports телеарналары трансляциялайды. 

"Barclays Center аренасына қайтып оралғаныма қуаныштымын. Мен осы жерде өзімді үйде жүргендей сезінемін. Жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан Эдди Хирн, HBO және Бретт Йормаркқа алғысымды айтқым келеді. Сулецкимен өтетін жекпе-жекті асыға күтетін боламын. Ол жеңілмеген, мені тізе бүктіріп, жеңісті жолын жалғастыруды талпынатын болар", - деді Джейкобс. 

"Джейкобспен жекпе-жек мен үшін үлкен мүмкіндік, ол орта салмақтағы мықты спортшылардың бірі. Мен тиянақты дайындалып, Джейкобсты жеңуге тырысамын. Польшалық фанаттарды қуантқым келеді", - деді Сулецки.

Айта кетейік, Джейкобс өткен жылы наурызда төрешілер шешімі бойынша, қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген еді. Қарашада ол төрешілер шешешімен жеңілмеген спортшы Луис Ариасты (18-1, 9 КО) жеңген еді. 

Сулецки Головкиннің міндеттелген қарсыластарының бірі. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер 2018 жылғы жоспарда польшалық боксшының кандидатурасын қарастырып жатқанын айтты. 

Өткен жылы Сулецки бірінші орта салмаққа өтіп, WBC рейтингінде бірінші орынға көтерілді, ал IBF нұсқасы бойынша төртінші орында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети