19 наурыз 2017 08:10

Джейкобс жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэниэл Джейкобс Дэниэл Джейкобс

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинді жеңсе, IBF титулын алмайды. Ол таңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтуден бас тартып, осылайша ұйымның талабын орындамады. 


Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинді жеңсе, IBF титулын алмайды. Ол таңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтуден бас тартып, осылайша ұйымның талабын орындамады. 

Бұл туралы "ВКонтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобында хабарланды. Ал өз кезегінде қазақстандық IBF талабын орындады. GGG 169,6 фунт (76,92 келі) салмақты көрсетті. Шектік салмақ 170 фунт (77,11 келі) болған еді. Яғни Головкин - Джейкобс жекпе-жекте енді WBC, WBA (Super) және IBO титулдарына таласады. Бұл белбеулер қазір Головкинде.

Айта кетейік, ресми салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 келі) болса, Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 келі) болған еді. Осылайша екі боксшы да орта салмақтың 160 фунт лимитінен асқан жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети