Джейкобс қазір Левиттің күйін кешіп жатқан шығар - Қуат "Найман" Хамитов

19 Наурыз 2017, 18:43
5
Джейкобс қазір Левиттің күйін кешіп жатқан шығар - Қуат "Найман" Хамитов -

Америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңген қазақстандық Геннадий Головкинге бокстан кетуді ұсынғаннан кейін желі қолданушыларының сынына ұшыраған Қуат "Найман" Хамитов тағы да мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біреу-міреуді қызғанатыным жайлы айтып жатқандарға жауап беремін: Қытайда, Жапонияда, Лондонда немесе Үндістанда, қандай ұйымда жұдырықтассақ та, біз бокстағыдай қарсылас таңдамаймыз, АҚШ-та аренаны өзіміз жалға алмаймыз, ол жаққа өз қалауымызбен төреші қоймаймыз! Ал өзіне жекпе-жек ұйымдастыратындар ешқашан үздік қарсылас таңдамайды! Өзбекстанда, Қырғызстанда немесе латын америкасында 20 осал қарсыласты жеңіп, бірден UFC чемпиондық белбеуі үшін төбелесуге барғанымды елестете аласыздар ма? Елестете аласыздар ма? ЖОҚ. ММА-да мұндай жоқ! Ал бокста барлығы да осылай жасалады. Сзідер, ФАНАТТАР бұл туралы ештеңе білмейсізер!", - деп мәлімдеді Хамитов. 

Сонымен қатар, ол Монро мен жасыл шортыдағы боксшының "иықтан ұрғанда" нокаутқа түскен дейді.

"Бүгін #GGG мансабында үздік емес, жақсы қарсылас болды. Ол бүгін жеңбесе де, жеңілген жоқ. Джейкобс қазір өзін Олимпиададағы Левиттің күйін кешкен шығар. Бокс ендігіде спорт емес, бұл бизнес. Бұл Тайсонның және тағы басқа чемпиондардың сөзі. Ал маған келсек, мен ерте ме, кеш пе UFC-де боламын. Себебі ММА-да бізге боксқа қарағанда қиынырақ. Біздің адамдардың спортшыларды қолдап жатқаны тамаша және мен бұған қуаныштымын. Алайда шындық осы! Мен әрдайым Головкинге жанкүйер боламын, бірақ бұгін ол жеңген жоқ! Тең түсті, бірақ саясат Жеңіп кетті, HBO басты жұлдызы Гонзалестен айырылып қалды, ал Головкиннен олар айырылғысы келмейді, оның үстіне олар Альвареспен жекпе-жектен жақсы ақша табатынын біледі. Сондықтан қызғанады, көре алмайды дегенді қойыңыздар, Мен әрдайым шындықты айтамын. Адамдардың пікірлерін ешқашан оқымаймын және түкіргенім бар! Алға #GGG", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, осыған дейін Хамитов Головкинке бокстан кетуді ұсынған. Айтпақшы, боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының финалында ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалған болатын. Кейін төрешілердің бұл шешімі халықаралық дауға ұласқан. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Кездесудің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай