02 ақпан 2018 17:22

Джон Вера Қанат Исламның орнына франциялық Мишель Соромен кездесетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мишель Соро мен Абель Санчес. © Instagram.com/michelso1 Мишель Соро мен Абель Санчес. © Instagram.com/michelso1

Француз Мишель Соро (31-2-1, 30 КО) және америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) бірінші орта салмақтағы WBA (Super) чемпионы кубалық Эрисланди Лараға (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізетін болды. Бұл туралы Франция бокс федерациясы ресми хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.


Француз Мишель Соро (31-2-1, 30 КО) және америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) бірінші орта салмақтағы WBA (Super) чемпионы кубалық Эрисланди Лараға (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізетін болды. Бұл туралы Франция бокс федерациясы ресми хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.

Соро - Вера жекпе-жегі 24 наурызда Марсельде өтеді. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы WBA (Super) белбеуіне үміткер француз Арсен Гуламиран (22-0, 14 КО) мен бельгиялық Рияд Мерхи (24-0, 12 КО) шаршы алаңға шығады.

21 қарашада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) резолюция шығарған еді. Ол бойынша, Вера мен қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) суперчемпион Лараға міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізу туралы бір ай ішінде келісу керек болатын.

WBA тағайындаған мерзім өтіп кетті, дегенмен, ұйымның ресми шешімі әлі жарияланған жоқ. Қаңтарда Vesti.kz америкалық боксшының командасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап, бұл жекпе-жектен қазақстандықтың бас тартуына байланысты болмайтынын хабарлаған.

30 жастағы Соро чемпиондық атақ үшін екі жекпе-жекте жеңілген болатын. 2012 жылы Киевте ол WBO және IBO белбеулеріне ие ресейлік Заурбек Байсангуровтан төрешілердің ортақ шешімімен жеңілген. Былтыр шілдеде Соро Францияның Эвиан қаласында тағы датөрешілердің шешімімен WBA ұйымының regular чемпионы аргентиналық Брайан Кастаньоға (14-0, 10 КО) есе жіберді.

2017 жылдың басында Соро АҚШ-қа барып, Абель Санчеспен жаттыға бастаған. Калифорниядағы Big Bear лагерінде Санчес орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин, бірінші ауыр салмақтағы IBF чемпионы ресейлік Мурат Гасиев сияқты боксшыларды жаттықтырады. Соро 2015 жылы да Санчеспен жаттықан, алайда, ол кезде онымен ринг бұрышында басқа бапкер болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети