"Канело" соққыға шыдай алатынын дәлелдеп, зор тәжірибе алды - Маман

05 Ақпан 2018, 09:47
0
"Канело" соққыға шыдай алатынын дәлелдеп, зор тәжірибе алды - Маман - © vk.com/ggolovkin
© vk.com/ggolovkin

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) менеджері Хосе "Чепо" Рейносо шәкірті орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) екінші кездесуде нокаутқа түсіретініне сенімді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. 

Олардың екінші кездесуі 5 мамырда өтеді, алайда өтетін орны әзірше белгісіз. 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен бірінші кездесуінде тең нәтиже тіркелген.  

"Екеуі де шығарылған шешімге разы болмай, жеңіске жеттім деп ойлады. Сондықтан келіссөз тез өтті, сөйтіп, қайта кездесу процесі жеңілдеді. Бірінші кездесу бір-бірін жақсы біліп, соққы мен мәнерін тани түсуге мүмкіндік берді. Бұдан әсіресе "Канело" жақсы тәжірибе алды, ол GGG соққыларына төтеп беріп, оның жеңілмейтін боксшы емес екендігін дәлелдеді", - дейді Рейносо BoxingScene.com.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай