17 тамыз 2016 06:05

Дычко Рио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің жартылай финалында ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандықтың қарсыласы 22 жастағы нигериялық Эфе Аджагба болды. Дычко бірінші раундта-ақ сәтті шабуылдар жасап, басым болды. Екіншісінде ол бұл көрсеткішін нығайта түсті. Ал үшінші раундта екі боксшы да барын салды.  

 


©REUTERS

Осылайша Дычко Олимпиаданың жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальді алады.

Жартылай финалда қазақстандық ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтаспақ. Дычко - Джойс жекпе-жегі 20 тамызда Астана уақыты бойынша 00.15-те басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети