08 ақпан 2019 10:54

Елеусіновке Ковалев пен Әлімханұлының бапкеріне ауысуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazakh TV © Kazakh TV

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке жақсы бапкер қажет. Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір айтты. Елеусіновке оның жерлесі Жәнібек Әлімханұлын (5-0, 2 КО) жаттықтыратын Бадди МакГиртке назар аударуға кеңес берді.

"Бадди МакГрит - тамаша бапкер. Ол жаттықтыратын боксшысын жаңа деңгейге көтере алады. Жәнібек Әлімханұлы мен Сергей Ковалевті жаттықтырғаны ұнады. Меніңше, ол қазіргі таңдағы ең мықты мамандардың бірі.

Қазақстандық жас боксшылардың басты жұлдызы - Данияр Елеусінов те оның көмегіне жүгіну керек. Бұл жігітке жақсы тәлімгер қажет, сонда ол жанкүйерлер үмітін ақтай алады", - дейді МакКаферри.

Айта кетейік, Әлімханұлы АҚШ-тағы екі жекпе-жегін МакГритпен жаттыққан сәтте өткізді, ал қыркүйекте америкалық маман ресейлік Сергей Ковалевті жаттықтыра бастады. Осы арқылы Ковалев қарымта кездесуде Элейдер Альваресті жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін иеленді.

Ал Елеусіновті америкалық Джон Дэвид Джексон жаттықтырады, бұрындары ол Ковалев және атақты Бернард Хопкинспен жұмыс істеген.

Мұның алдында Елеусінов бапкерімен кейде түсініспей қалатынын мәлімдеген. Дегенмен осы маманмен жаттыққан қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте барлық бес жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети