Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Галледе екі боксшымыз жеңіп, біреуі ұтылды

29 Мамыр 2014, 12:54
1
Фото kfb.kz сайтынан
Фото kfb.kz сайтынан

Бокстан Германияның Галле қаласында әйгілі "Chemistry Cup" халықаралық турнирі басталды. Кіші әлем чемпионатына баланатын дәстүрлі турнирдің алғашқы күні шаршы алаңға үш боксшымыз шығып, екеуі жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биылғы Галле турниріне 17 мемлекеттен 106 боксшы қатысып жатыр. Біздің елдің атынан алты боксшы шығып, ел намысын қорғайды. Кеше алғашқы айналымның (1/8 финалының) жекпе-жектері өтті.

Ең әуелі Галле рингіне 75 келідегі Рустам Сыбаев шыққан болатын. Өкінішке қарай, еліміздің 2013 жылғы күміс жүлдегері жеңіліске ұшырады. Төрешілер 2:1 есебімен жеңісті неміс боксшысы Хек Паскалиге беріпті. Жалпы, немістің бұл боксшысы WSB жобасы аясында алты жекпе-жек өткізген, өз елінде чемпион болып, жүлдеге ілігіп жүрген тәжірибелі жігіт болатын.

Бұдан соң 60 келі салмақ дәрежесіндегі, Алматыдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Әбдірахманов өз өнерін паш етті. Ол немістің Адтке Гаши деген боксшысына 3:0 есебімен басымдық танытып, Рустамның есесін қайтарды.

Соңғы әлем чемпионаттары мен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, 81 келі салмақ дәрежесіндегі әлемнің ең үздік боксшыларының бірі Әділбек Ниязымбетов те Германия көрермендерін тәнті қылды. Ол Дания боксшысы Раджаб Сарвариді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, өз салмағындағы бәсекелестерін сескендіріп қойды...

Бүгін – ширек финалдық жекпе-жектер. Бес боксшымыздың да қарсыластары белгілі:

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Хушие Майерс (Ирландия)
52 келі: Ілияс Сүлейменов – Хамза Туба (Германия)
60 келі: Берік Әбдірахманов – Софьян Оумие (Франция)
64 келі: Алмасбек Әлібеков – Дмитрий Галагот (Молдова)
81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Лоуренс Осуке (Англия)


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай