Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды ©Fightnews.ru

IBO, WBA (Super) және WBС тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBO, WBA (Super) және WBС тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының "Вконтакте" желісіндегі ресми тобында Геннадий Головкин келесі жекпе-жекті америкалық Вилли Монро-кішімен өткізетінін хабарланды. Кездесу 16 мамырда Инглвуд қаласындағы (Калифорния штаты) 17 мың адамды сыйдыратын The Forum аренасында өтеді. 28 жастағы Монро - орта салмақта "Boxcino 2014" турнирінің жеңімпазы. 

Еске сала кетейік, 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түнде Монте-Карлодағы (Монако) Salle des Etoiles аренасында Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу барысында Мюррей үш рет нокдаунға түсті. Осылайша барлық 32 кездесуінде де жеңіске жетіп отыр (29 нокаут) және 19 рет уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы америкалық Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети