22 ақпан 2015 05:51

Геннадий Головкин Мартин Мюррейді 11-раундта нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Rus.delfi.ee ©Rus.delfi.ee

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесу Монакодағы Salle des Etoiles аренасында 22 ақпанға қараған түні өтті. Бокс кешін Қазақстан аумағында "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті, бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 01.25-те, соның ішінде Геннадий Головкиннің Мюрреймен жекпе-жегі 04.45-те басталды.

Головкин қарсыласын төртінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Қазақстандық оң қолымен Мюррейдің бүйірінен ұрды, ол екі сәтте де тізерлеп отырып қалды. Ағылшын боксшысы оныншы раундта да нокдаунға түсті. Ал он бірінші раундта Головкин қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жерлесіміз осылайша кәсіби рингте 32 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетіп отыр. Оның 29-ы нокаутпен аяқталды. Ал Мартин Мюррейдің жеке есебінде 29 жеңіс бар, сонымен қатар бір рет тең түскен болатын және екі рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин осыған дейін 34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети